«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

ПОДТВЕРДИТЕ СТАТУС! ИНВЕНТАРИЗАЦИЯ СПИСКА ОЧЕРЕДНИКОВ!

12-11-2020 09:46
2018 жылғы 23 қаңтардағы №412 «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) ережесіне сәйкес Өскемен қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алу және бөлуді қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып табылады. Скачать список
Бүгінгі күні түрғын үйге кезекке тұру, тұрғын үйді бөлу, отбасы құрамына қосу және шығару, үй кезектілігінен шығару, тізімдер бойынша түгендеу жұмыстары жаңа енгізілген сервистік бағдарламалық өнімде (бұдан әрі - СПП) жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 71 бабы, 5 тармағына сәйкес, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдеріне, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайға мұқтаж азаматтарды есепке қоюдың және кезектілігінің электрондық базасын пайдалана отырып, жыл сайын түгендеу жүргізеді. Алайда, бүгінгі күні «мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер» санатындағы тұрғын үй кезектілігінде тұрған 1805 (бір мың сегіз жүз бес) кезекте тұрған азаматтар тиісті құжаттарды ұсынбаған (тізім қоса берілген), осыған сәйкес, Заңның 73-бабына сәйкес тиісті құжаттарды ұсынбаған азаматтар коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алу кезектілігінен шығарылады. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, кезек тізімінде тұрған «мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер» санатына жататын азаматтар ағымдағы жылдың 25 қарашасына дейін жұмыс орнынан анықтама ұсынуларын сұраймын. Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік дәрігерінің 2020 жылғы 27 қазандағы №23 «Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша шектеу және карантиндік шаралар туралы» қаулысының 2.3 тармақтың 1 тармақшасына сәйкес 02 қарашадан бастап карантиндік шаралар ресми жойылғанға дейін жеке және заңды тұлғаларды қабылдау жүргізілмейді. Осыған байланысты жоғарыда аталған құжаттардың барлығын Мемлекеттік органдардың Интранет-порталына (бұдан әрі - ИПГО) Сагдолдина Еркеназ Демеухановна e.sagdoldina@akimvko.gov.kz поштасына және sector.zhilya@mail.ru электронды поштасы арқылы жіберуге болады. Құрметпен, «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ басшысы Ф.Жилибаев

Информация

Посетители, находящиеся в группе Қонақтар, не могут оставлять комментарии к данной публикации.