«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы

9-03-2022 17:36
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері бір шаршы метр үшін 30 теңге сомасында бекітілсін. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі..

Информация

Посетители, находящиеся в группе Қонақтар, не могут оставлять комментарии к данной публикации.