«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Үй тұрғындарының жиі қойылатын сұрақтары: Тұрғын үйдің қандай бөліктері ортақ мүлікке жатады? Үйдің ортақ мүлкін кім ұстауға міндетті? Ортақ мүлікті ұстауға кім жауапты?

31-10-2022 09:20
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 2 бабының 14) тармағына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік).
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 2 бабының 14) тармағына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік). Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі өзіне тиесілі пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ауыртпалығын көтереді. Осылайша, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, шаралар қабылдауға міндетті. Пәтер иелерінің және тұрғын емес үй жайлардың иелері арасында жиналыста бекітілген кондоминиум объектісін ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шыгыс сметасында ортақ мүлікті күтіп-ұстау және басқару қаралған. Кондоминиум объектілерінің сметалық құжаттамасында көзделмеген ортақ мүлкін күтіп ұстау бойынша қосымша жөндеу жұмыстарын және басқа да шараларды жүргізу қажет болған жағдайда пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста нысаналы жарналарды өндіріп алу туралы шешім қабылдайды және олардың сомасы хаттамамен ресімделеді

Информация

Посетители, находящиеся в группе Қонақтар, не могут оставлять комментарии к данной публикации.