«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Ибраева Зарина Хадельовна

Комиссия отырысында қарау үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға үміткер азаматтардың құжаттарын дайындау. Комиссия қарауына енгізілетін құжаттардың заңды сараптамасын ұйымдастыру. Заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Тұрғын үй мәселелері бойынша сот отырыстарына қатысу. Кезекке қою және тұрғын үйді іске асыру мәселелері жөнінде азаматтарды қабылдау. Бұрын өткізілген құжаттарды түгендеу және тұрғын үйді іске асыру туралы азаматтарды ақпараттандыру және хабардар ету үшін газеттерге, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру дайындау және беру. Мемлекеттік қызметтерді көрсету және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою мен кезектілік бойынша ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді дайындау. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың кезек тізімдерін жыл сайын түгендеу бойынша жұмыстар жүргізу. Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімін есепке алу. ИС-Е-әкімдік жүйесінде жұмыс істеу. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы. Бөлімде көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық есептіліктің жалпы жиынтығын дайындау және ұсыну.Құжаттар мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Комментарии: