«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Сотрудники отдела жилищных отношений

Қаржылық-құқықтық сектор меңгерушісі, Е-R-3 санаты, № 02-01


Функциялық міндеттері
Сектор жұмысына жалпы басшылық және сектор жұмысын үйлестіру. Мекеменің жұмысына қатысты бағыттар бойынша сот мәжілістеріне қатысу. «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» және «Ашық ақпараттар» порталында хабарламалар беріуді, өзектендіруді қамтамасыз ету. Қалалық коррупцияға қарсы күрес бағдарламасының орындалу бойынша іс-шаралар жоспарының атқарылуы туралы ақпарат дайындау. Бөлімде коррупцияға қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдау жүргізу. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды бақылау. Бөлімнің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу. Құжаттар мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» заңы талаптарын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау. Заңмен қарастырылған мезімі аяқталуына байланысты кондоминиумды басқару нысанын банкрот деп тану туралы өтініш беру. Бөлім әзірлеуші болып табылатын қала әкімінің және әкімдігінің номативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулермен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау. Жалдау жарналарына байланысты берешектерді өндіру бойынша мерзімінде талап арыз беруге бақылау жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың арыздарының, қызметтік хаттардың, облыс, қала әкімдерінің және бөлім басшысының хаттамалық тапсырмаларының қарау мерзімдерін бұзғаны үшін және жауаптардың негіздігіне, дәлелдігіне, мазмұнының толықтығына сондай-ақ олардың мемлекеттік тілге аударылуына дербес жауапта болады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.