«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Сотрудники отдела жилищных отношений

Қаржылық-құқықтық сектор бас маманы, Шоимбаева Шолпан Таргыновна


Функциялық міндеттері
Бөлімнің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу. Құжаттар мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Бөлім әзірлеуші болып табылатын қала әкімінің және әкімдігінің номативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулермен (немесе) толықтыруларды енгізу , немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау. Азаматтардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыыз ету. Бөлімде бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Бөлімді қаржыландыру мәселелері бойынша банкпен және қаржылық органдармен жұмыс жасау. Бөлімнің қаржылық-шаруашылық қызметінің есебін, әкімшіліктік шығындар сметасын, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптердің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Бөлім қызметкерлеріне еңбек ақыны есептеу. Салықтық есеп беруді жургізу. Бөлімінің қажеттілігі үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды дайындау, ұйымдастыру және өткізу, ақшалай қаражатқа, есептер мен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу, түгендеу нәтижесі мен олардың есептегі көрінісін уақытында және дұрыс анықтау. Бөлімнің іс номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізу. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджет қаражаттарының игерілуін есепке алуды жүргізеді. Бөлімнің штаттық кестесін жасайды, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын, сондай-ақ оларды өзгертуге ұсынымдар беру. Тұрғын үй қатынастары бөлімінің аппараты бойынша «Бас журнал» кітабын, қаржыландырулар мен шығындар несиелерін есепке алу кітабын жүргізеді. Тұрғын үй қатынастары бөлімінің аппараты бойынша тоқсандық және жылдық баланстарды қосымшаларымен бірге дайындайды. Бухгалтерлік есеп жүргізеді, жергілікті бюджет бойынша «Бас журнал» кітабын жүргізеді. Жеткізіп берушілермен келісімдер, қосымша келісімдер, салыстыру актілерін жасайды. Түгендеуді дайындайды және өткізеді. Сенімхаттарды тіркеу журналын жүргізеді. Жол парақтарын береді және бензинге талондарды беру есебін жүргізеді. Жалақы төлем бойынша, жеткізіп берушілердің қойған шоттары бойынша төлемге өтінімдер мен шоттар дайындайды және басып шығарады. Өскемен қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімі аппараты және жергілікті бюджет бойынша ШҚ Қазынашылық Департаментіне құжаттарды апарады және әкеледі. Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу үрдістерін жүзеге асырады. Есептегіш құралдарының көрсеткіштері туралы ай сайынғы есептеме жасайды. Коммуналдық қызметтер бойынша шоттарды жинайды. Қаланың тұрғын үй қатынастары бөлімі қызметкерлерінің аванстық есептемелерін қабылдайды және тексереді. Қаржы бөлімімен, ШҚ Қазынашылық басқармасымен және қаладағы мекемелер, ұйымдармен хат алысады. Мемлекеттік сатып алуды өткізу жұмыстарын атқарады. Материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру (жарық, телефон және интернет байланыстар). Жеке және заңды тұлғалардың арыздарының, қызметтік хаттардың, облыс, қала әкімдерінің және бөлім басшысының хаттамалық тапсырмаларының қарау мерзімдерін бұзғаны үшін және жауаптардың негіздігіне, дәлелдігіне, мазмұнының толықтығына сондай-ақ олардың мемлекеттік тілге аударылуына дербес жауапта болады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.