«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Сотрудники отдела жилищных отношений

Қаржылық-құқықтық сектор бас маманы, Саякова Маржан


Функциялық міндеттері
Мемлкеттік және орыс тілінде құжат жүргізуді сапалы жүргізуді қамтамасыз ету. Қоғамдық ұйымдармен атқарылатын жұмыстарға жауапты болады. Бөлімнің істер номенклатурасын мемлекеттік және орыс тілдерінде жасау, ШҚО мемлекеттік мұрағаты мекемесімен келісу. Мемлкеттік және орыс тілдерінде құжат жүргізу бойынша хабарламалар мен есептер жасау. Құжаттарды алғашқы өңдеу, алдын ала қарау, тіркеу, есепке алу, сақтау, жеткізу және таратуды жүзеге асыру. Келіп түскен нормативтік актілерді жүйелі түрде есепке алуды, сақтауды ұйымдастыру. Кіріс, шығыс құжаттарын қабылдау, тіркеу, басшылықтың қарауына беру, орындаушыларғы тарату. Жіберілген құжаттарды қала әкімі бекіткен тәртіпке сәйкес орындау және жіберу. Құжаттар мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Айлық, тоқсандық «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» (ф. № 1-ОЛ) статистикалық есебін жасау, есепті Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіннің ШҚО бойынша басқармасына тапсыру. Бейне өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар ұйымдастыру. Басшының азаматтарды жеке қабылдауын тіркеу. Басшы өткізетін кеңестердің хаттамаларын жүргізу, орындалуын қадағалау. Облыс әкімі мен қала әкімінің тапсырмаларының орындалуы туралы жиынтық хабарламалар дайындау. Электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесінің жұмысының саплалы жүргізілуін қамтамасыз ету. «Ашық деректер» порталына хабарламалар орналастыру және өзектендіру жұмысын жүргізеді. Бөлім жұмысын ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету. Мұрағатпен жұмыс жасайды, оларды сақтауға және жоюға іріктеу мақсатында құжаттардың құндылығын сараптауды ұйымдастырады. Бөлімнің мемлекеттік рәміздері мен елтаңбалы бланкалары және штампаларының есебін жүргізу, сақталуын қамтамасыз ету. Негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресімдейді. Мемлекеттік қызметке өтуге байланысты шешімдерді ресімдеуге бақылау жасауды, жұмыскерлердің жеке істерін, қызмет тізімін, еңбек кітапшаларын сақтауды және жүргізуді жүзеге асырады. Тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша шараларды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктерін ресімдейді. «Е-Кызмет» бағдарламасы жұмысын жүргізеді. Жұмыс уақытының табелін жүргізеді. Мекеменің және оның бөлімшесінің негізгі міндеттерін білу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекеленген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу. Анықталған құқық бұзушылықтар жою бойынша қабылданған шешімдер мен ұйғарымдардың орындалуын бақылау. Тұрғын ғимараттарын күтіп ұстау мәселелері бойынша меншік пәтер иелері кооперативтеріне және үй-жай иелеріне құқықтық және ұйымдастырушылық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» заңы талаптарын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау. Бөлімнің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу. Бөлім әзірлеуші болып табылатын қала әкімінің және әкімдігінің номативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулермен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау. Бөлімнің жұмысына қатысты бағыттар бойынша сот мәжілістеріне қатысу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзылуы туралы актілер жасау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығару. Тексеруді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі талаптарына сай жүргізу. Тағайындалған тексерулер актілерін автоматтандырылған тексеру жүйесі (АТЖ) бойынша тіркеуді жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың арыздарының, қызметтік хаттардың, облыс, қала әкімдерінің және бөлім басшысының хаттамалық тапсырмаларының қарау мерзімдерін бұзғаны үшін және жауаптардың негіздігіне, дәлелдігіне, мазмұнының толықтығына сондай-ақ олардың мемлекеттік тілге аударылуына дербес жауапта болады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.