«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Сотрудники отдела жилищных отношений

Қаржылық-құқықтық сектор бас маманы, Калиева Бибигул


Функциялық міндеттері
Мемлекеттік, қараусыз және иесіз тұрғын үйлерді (мүлік) анықтаумен және есепке алумен айналысады; сот және құқық қорғау органдарына қадағалау және апелляциялық шағымдарды, талап өтініштерін, материалдарды дайындау және жинау бойынша жұмыс жүргізеді; бөлім мүддесін қорғайды және соттың түрлі инстанцияларына қатысады, ақпаратты және құжаттарды жинау бойынша мемлекеттік органдармен, сонымен бірге МПИК және КМҚК жұмыс жүргізеді, сот орындаушыларымен бірлесіп жұмыс жүргізеді, жоғары тұрған органдардың өкімдік құжаттарының, сонымен бірге сот қаулыларының және шешімдерінің орындалуына бақылау жүргізеді, ұйымдар мен кәсіпорындардың, заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; азаматтардың өтініштері бойынша тұрғын үй жағдайын тексереді; тұрғын үй мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларға заңдық кеңес береді; шарттар мен нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады. Тұлғаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп тану, тұрғын үйден шығару туралы талап арыздарын, материалдарды дайындайды, құжаттар жинайды. Құжаттар мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың арыздарының, қызметтік хаттардың, облыс, қала әкімдерінің және бөлім басшысының хаттамалық тапсырмаларының қарау мерзімдерін бұзғаны үшін және жауаптардың негіздігіне, дәлелдігіне, мазмұнының толықтығына сондай-ақ олардың мемлекеттік тілге аударылуына дербес жауапта болады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.