«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Сотрудники отдела жилищных отношений

Тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі, Жакыпбекова Назгуль


Функциялық міндеттері
Жалпы басшылық және сектор жұмысын үйлестіру. . Құжаттарды мерзімінде және сапалы орындау. Заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Бөлімнің құзыреті шегінде қала әкмі мен әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» заңы талаптарын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекеленген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу. Тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органымен ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекеленген түрлерін жүргізуге шығындар сметасын келіседі. Кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта жапсарлас аумақта үй (пәтерлер) иелерінің ортақ мүлкін жөндеу және пайдалану, ұстау тәртібін сақтау. Кондоминиум объектісінде жай иелерінің ортақ мүлігінің техникалық жағдайында және оның инженерлік құралдарына, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күту және жөндеу бойынша жұмыстардың уақытында орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен қарастырылған жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзылуы туралы актілер жасау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығару. Бөлім әзірлеуші болып табылатын қала әкімінің және әкімдігінің номативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулермен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау. Тексеруді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі талаптарына сай жүргізу. Көпқабатты тұрғын үйлерді маусымдық пайдалануға дайындау бойынша шараларды іске асыру. Автоматтандырылған тексеру жүйесі (АТЖ) бойынша атқарылатын жұмыстарға жауап береді, сондай-ақ тағайындалған тексерулер актілерін тіркеуді жүргізеді. Мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы, тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы, анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы және елді мекеннің шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету. Коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерін кауіпсіз пайдалану талаптарының сақтауын және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды бақылауды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың арыздарының, қызметтік хаттардың, облыс, қала әкімдерінің және бөлім басшысының хаттамалық тапсырмаларының қарау мерзімдерін бұзғаны үшін және жауаптардың негіздігіне, дәлелдігіне, мазмұнының толықтығына сондай-ақ олардың мемлекеттік тілге аударылуына дербес жауапта болады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.