«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Сотрудники отдела жилищных отношений

Тұрғын үй инспекциясы секторының бас маманы


Функциялық міндеттері
Өскемен қаласының ТҮ КШ және ТҚ БАЖ (Тұрғын үй қоры және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы бірыңғай ақпараттық жүйесі) есебін жүргізеді және өзгертулер енгізеді. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» заңы талаптарын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекеленген түрлерін жүргізу тізбесін, кезеңін және кезектілігін анықтау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекеленген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру ұйымдастыру. Тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттар) жылу, электр жарығы, газ және су ресурстары ортақ есеп жүргізу аспаптарының бар болуын бақылау. Үй жайлар иелерінің кооперативтерін құруға жан-жақты көмек көрсету және тұрғын ғимараттары мен инженерлік жабдықтарды күтіп ұстау бойынша кондоминударды және меншік пәтер иелері кооперативтерін қолдау мәселерінде өзара әрекет ету. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзылуы туралы актілер жасау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығару. Мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімінің және әкімдігінің номативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулермен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды. Құжаттар мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындауды бақылау. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен қарастырылған жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау. Тексеруді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі талаптарына сай жүргізу. Тағайындалған тексерулер актілерін автоматтандырылған тексеру жүйесі (АТЖ) бойынша тіркеуді жүргізеді. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды ұйымдастыру бойынша тәжірибелерді саралап, ұсыныстар әзірлеу. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен қарастырылған жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында: 1) мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы; 2) тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы; 3) анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы орналастыруды қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың арыздарының, қызметтік хаттардың, облыс, қала әкімдерінің және бөлім басшысының хаттамалық тапсырмаларының қарау мерзімдерін бұзғаны үшін және жауаптардың негіздігіне, дәлелдігіне, мазмұнының толықтығына сондай-ақ олардың мемлекеттік тілге аударылуына дербес жауапта болады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.