«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Сотрудники отдела жилищных отношений

Тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының меңгерушісі, Е-R-3 санаты, № 04-01


Функциялық міндеттері
Жалпы басшылық және сектор жұмысын үйлестіру. Өскемен қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жәйды жекешелендіру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асырады. ( «электродық үкімет» www.egov.kz веб-порталы және gosreestr.kz мемлекеттік мүлік веб-порталы). Сектордың жұмысына, облыс пен қала әкімдері шешімдерінің, өкімдерінің және қаулыларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік тұрғын үйлерді есепке алуды, тұрғын үй бөлуді жүргізеді; прокуратура мен әділет органдарымен хат жазысады және жұмыс жүргізеді; сот және құқық қорғау органдарына қадағалау және апелляциялық шағымдар, талап өтініштері үшін материалдарды дайындау және жинау бойынша жұмыс жүргізеді; бөлім мүддесін қорғайды және соттың түрлі инстанцияларына қатысады; тұрғын үй мәселелері бойынша бюджеттік ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды қабылдайды, тұрғын үй комиссиясына құжаттарды дайындайды, қала әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамына кіреді және отырысына қатысады, тұрғын үй комиссиясы шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады, Заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; көшпелі комиссияларға қатысады; азаматтардың тұрғын үй жағдайына тексеру жүргізеді; қала әкімі өкімдерінің, шешімдерінің және қаулыларының жобаларын дайындайды. Тұрғын үй қорын пайдаланғаны үшін жалдау жарнасының мерзімінде төленуіне бақылауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың арыздарының, қызметтік хаттардың, облыс, қала әкімдерінің және бөлім басшысының хаттамалық тапсырмаларының қарау мерзімдерін бұзғаны үшін және жауаптардың негіздігіне, дәлелдігіне, мазмұнының толықтығына сондай-ақ олардың мемлекеттік тілге аударылуына дербес жауапта болады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.