«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Сотрудники отдела жилищных отношений

Тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының бас маманы, Сагдолдина Еркеназ


Функциялық міндеттері
Жекешелендіру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау, мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіруге құжаттарды қабылдау және ресімдеу; жекешелендіру бойынша құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқаларын беру; жекешелендіру кезінде туындайтын даулар бойынша сот отырыстарына қатысу; қызметтік хаттардың, заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Өскемен қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жәйды жекешелендіру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асырады. ( «электродық үкімет» www.egov.kz веб-порталы және gosreestr.kz мемлекеттік мүлік веб-порталы). Азаматтардың өтініштерімен және арыздарымен жұмыс жүргізу; тұрғын үй мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларға заңдық кеңес беру. Мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіру бойынша электрондық деректер базасын қалыптастырады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеу туралы ескерту хабарлама дайындайды және жалдаушыларға береді. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Ордерді қайта ресімдеу және қызметтік тұрғын үй мәселелері бойынша бюджеттік ұйымдардың өкілдерін және азаматтарды қабылдау, қызметтік тұрғын үй алаңына құжаттар жинау және ресімдеу, тұрғын үй комиссиясында қарау үшін құжаттарды жинақтап, дайындау, құжаттарды өндеу. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы қала әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартын дайындайды және береді. Жалдаушымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қабылдау-тапсыруды жүргізеді; тапсыру актісі бойынша жалдаушыдан тұрғын үйді қабылдайды. Қала әкімдігі қаулыларының, қалалық мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындайды, бөлімнің мүддесін қорғайды және әр түрлі инстанциялардағы соттарға қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың арыздарының, қызметтік хаттардың, облыс, қала әкімдерінің және бөлім басшысының хаттамалық тапсырмаларының қарау мерзімдерін бұзғаны үшін және жауаптардың негіздігіне, дәлелдігіне, мазмұнының толықтығына сондай-ақ олардың мемлекеттік тілге аударылуына дербес жауапта болады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.