«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

КӨП ПƏТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖӨНДЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖƏНЕ ЖҮРГІЗУ

Бағдарламаға қатысу үшін не қажет?

Үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына қатысуы үшін:
біріншіден, тұрғын үй кондоминиум объектісі әділет органдарында тіркелуі тиіс;
екіншіден, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес сол тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару органы таңдалуы тиіс;
үшіншіден, пәтерлер иелерінің тұрғын үйді күрделі жөндеуге ниеті (кемінде 66,7 % келісімі) болуы тиіс.

1-кезең - Ұйымдастырушылық мәселелер

Тұрғын үй заңнамасына сәйкес жөндеу жүргізу және оған жұмсалатын
шығындар туралы шешімнің оған пәтерлер иелерінің кемінде 2/3 бөлігі дауыс бергенде заңды күші болады. Бұл жағдайда көрсетілген шешімді үйдегі барлық тұрғындар орындау үшін міндетті болып табылады. Үй-жайлар (пәтерлер) иелері кондоминиум объектісінің жөндеу жұмыстары аясында жалпы жиналыста мынадай шешімдерді:
1. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдауды;
2. жөндеу жұмыстарының түрін таңдауды (ең аз жиынтығы немесе ең
көп жиынтығы);
3. қосалқы мердігер ұйымды (оны тарту қажет болғанда) таңдауды келісуді жүзеге асыруды;
4. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге ЖСҚ келісуді;
5. әрбір пәтерге (үй-жайға) жүктелетін кондоминиум объектісінің
ортақ мүлкін жөндеуге жұмсалатын шығындар сомасын бекітеді, ол жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес алаңдардың пайдалы алаңының осы кондоминиум объектісіндегі үй-жайлардың барлық тұрғын және тұрғын емес алаңдарының пайдалы алаңдарының сомасына қатынасы бойынша айқындалады;
6. орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшін үй-жайлардың
(пәтерлердің) иелері қатарынан өкілдерді таңдауды жүзеге асыруды бекітуге тиіс.

2-кезең – Көп пәтерлі тұрғын үйді техникалық тексеру және
энергия аудиті

Егер үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жиналысында тұрғын үйді күрделі
жөндеуді жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда ақау ведомосын жасай отырып, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тексеруді жүргізу қажет. Ол үшін кондоминиум объектісін басқару органы мынадай іс –шараларды жүргізеді:
1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің, өзінің қызметкерлері және білікті мамандарының қатарынан кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің техникалық жай-күйінің ақау актісін жасау үшін комиссия құрады. Ақау актісінде үйдің барлық конструкциялық, инженерлік және басқа да элементтерінің жай-күйінің сипаттамасы көрсетіледі.
2. Жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру сияқты қызметті алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға өтініш жасайды. Жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй инспекцияларының тиісті актілерін бере отырып, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастырады.
3. Мамандандырылған ұйымдар энергия аудитін жүргізу мақсатында
жергілікті атқарушы органдарға өтініш жасайды. Жергілікті атқарушы органдар үйде жылу энергиясын үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін энергия үнемдеу іс-шараларын жүргізуге болатын, тұрғын үйде жылу жоғалтуды айқындау мақсатында тұрғын үйдің энергетикалық аудитін жүргізуді ұйымдастырады.

Көп пәтерлі тұрғын үйді техникалық тексеру жүргізу

Көп пәтерлі тұрғын үйді техникалық тексерудің негізгі мақсаты КТҮ
конструкцияларының техникалық жай-күйін анықтау, ақауларды айқындау,
КТҮ құрылыс конструкцияларының әрі қарай қауіпсіз пайдаланылуы мүмкіндігін анықтау немесе оларды қалпына келтіру және күшейту бойынша ұсынымдар жасау мақсатында олардың жарамдылығы мен жұмысқа қабілеттілігін анықтау және конструкциялардың пайдалану сапасын айқындау болып табылады. Үйді техникалық тексеру 1.04-04-2002 ҚР ҚН «Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін тексеру және бағалау» нормативтік-техникалық құжатқа сәйкес жүргізіледі. Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру бірнеше кезеңмен жүргізіледі.
Бірінші кезең - ғимараттар мен құрылыстарды алдын ала тексеру. Ал-
дын ала тексерудің негізгі мақсаты бастапқы ақпаратты жинау, құрылыс конструкцияларының жалпы жай-күйін анықтау, егжей-тегжейлі тексеру үшін жұмыс құрамы мен көлемін анықтау болып табылады.
Алдын ала тексеру бойынша жұмыс құрамына:
- ғимарат туралы жалпы мәліметтерді (салу уақыты, пайдалану мерзімі) жинау;
-көлемді-жоспарлау және конструктивті шешімдер мен инженерлік жабдықтау жүйелерінің жалпы сипаттамасы;
- өндірістік ғимараттар үшін олардың құрылыс конструкцияларына ықпалы тұрғысынан өндіріс технологияларының ерекшеліктерін, құрылыс конструкцияларына агрессиялық технологиялық бөліністердің болуын айқындау, коррозияға қарсы іс-шаралар туралы мәліметтерді жинау;
- іздеудің мұрағаттық материалдарымен танысу;
- бұрын сол объектіде жүргізілген өндірістік орта және құрылыс конструкцияларының жай-күйін тексеру материалдарын зерделеу кіреді.
Екінші кезең – ғимараттар мен құрылыстарды егжей-тегжейлі тексеру.
Егжей-тегжейлі тексеру:
- конструкцияларды көрнекі тексеруді (көрінетін ақауларды фотоға түсіру);
- өлшеу жұмыстарын;
- аспаптық тексеруді (майысулар мен деформацияларды өлшеу);
- негізгі конструкциялар материалының сипаттамасын айқындауды;
- іргетастың шөгуі және табандар алынған материалдар сынамаларының зертханалық талдауы да жүргізіледі.
Үшінші кезең – байқау есептемесі және тексеру деректерін камералдық өңдеу.
Ғимараттар конструкцияларының негізгі қабілеті мен пайдалану сенімділігін сараптаудың маңызды кезеңдерінің бірі байқау есептемесі болып табылады. Есептеме тексеру нәтижелері: анықталған ақауларды, мөлшерлерден ауытқуларды, коррозиялық тозуды, материалдың нақты беріктік қасиеттерін, шынайы есептік схемаларды және жүктемелерді, температуралық әсерді, топырақтың шөгуін ескере отырып орындалады. Конструкцияларды байқау есептемесі қолмен де, сертификатталған бағдарламалық өнімдерді де пайдалана отырып орындалады.
Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы ғимараттың сипаттамасын, оның көлемді-жоспарлау және конструктивті шешімдерін; құрылыс конструкцияларын егжей-тегжейлі техникалық тексерудің нәтижелерін; техникалық тексеру барысында анықталған ақаулардың фотоматериалдарын; конструкциялық материалдарды сынау нәтижелерін; негізгі және қоршау конструкцияларының байқау статикалық және жылу-техникалық есептемелерінің есеп бөлігін; сызбалары бар графикалық бөлікті, оның ішінде өлшем сызбаларын; жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны қамтиды; қорытындыда ғимаратты қолданылып жүрген жүктеме бойынша пайдалану мүмкіндігі; ғимаратты жобалық жүктеме бойынша пайдалану мүмкіндігі; ғимаратты (құрылысты) одан әрі қауіпсіз пайдалану бойынша ұсынымдар, қажет болғанда ғимараттың (құрылыстың)
негізгі және қоршау элементтерін күшейту немесе ауыстыру қажеттілігі бағаланады.

3-кезең - ЖСҚ әзірлеу және келісу

Кондоминиум объектісін басқару органы үй-жайлар (пәтерлер) иелерімен келісілген ақау ведомосының негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) жасайтын мамандандырылған ұйымға өтініш жасайды. Үй-жайлар (пәтерлер) иелері бекіткен, заңнамалық тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен ЖСҚ әкімдіктің тұрғын үй инспекциясында келісілуге тиіс.

4-кезең - Тұрғындар жиналысында жобалау-сметалық
құжаттаманы бекіту және пәтерлер иелеріне күрделі жөндеуді
төлеу үшін шотты ұсыну
Әкімдіктің тұрғын үй инспекциясында үйді күрделі жөндеуге ЖСҚ
келіскеннен кейін қайтадан үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жина-
лысын бастамалау қажет, онда мынадай мәселелер:
1. қосалқы мердігер ұйымды (оны тарту қажет болғанда) таңдауды
келісу;
2. әрбір пәтерге (үй-жайға) жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ
мүлкін жөндеуге шығыстар сомасын бекіту бойынша шешім қабылдау қажет. Сома дара (бөлек) меншіктегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес алаңдардың пайдалы алаңдарының сол кондоминиум объектісіндегі барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың алаңдарының пайдалы алаңдарының сомасына қатынасымен айқындалады;
3. екінші деңгейдегі банктегі шотта ай сайынғы жарналар мөлшерін
бекіту бойынша шешім қабылдау қажет.

5-кезең – Күрделі жөндеуді жүргізу
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес мемлекет көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жүргізуге үй-жайлардың (пәтерлердің) иелеріне қайтарымды негізде қаражат беруге дайын.
Одан басқа, халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үй көмегі түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 97-бабына сәйкес тұрғын
үйді күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған
коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткiзушiлер ұсынған
шоттар бойынша көрсетіледі. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің екінші деңгейдегі банктегі шотқа ай сайынғы мөлшерін бекіткеннен, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды таңдағаннан кейін басқару органдары, үй-жайлар (пәтерлер) иелері және мамандандырылған уәкілетті
ұйым арасында жөндеу жұмыстарын орындауға үшжақты шартқа қол қойылады.
Орындалған жұмыстарды қабылдауға тұрғын үй инспекциялары, кондоминиум объектісін басқару органдары, жөнделетін объектілердің үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің өкілдері және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары қатысады.
Бюджет қаражатын пайдалана отырып, ортақ мүлікті жөндеу жүргізу
шарттарының бірі оның жылу техникалық сипаттамаларын жақсарту, үйге
ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабын және жылу тұтынуды реттеудің
автоматты жүйесін орнату болып табылады.
6-кезең - Тұрғын үй көмегі

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында күнкөрісі төмен отбасыларға (азаматтарға) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)
күтіп-ұстауға шығыстарды төлеу үшін тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет
есебінен берілетін болады.

«Тұрғындармен  түсіндіру – ақпараттық  жұмыс үшін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның  ресми сайтынан ақпарат алынды.