«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Жекешелендіру туралы

     Заңның 13-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдаушы кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, Заңда көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы. Бұған "Нұрлы Жер"бағдарламасы шеңберінде салынған, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ретінде берілетін тұрғын үйлер қосылмайды.
    Сондай-ақ, Заңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға құқығы бар азаматтардың санаттары көзделген.
Тұрғын үйді жекешелендіруге өтінішті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы беруге болады. www.egov.kz