Амантай Бахыт ㅤ
Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы
Жалпы ақпарат, білімі
1982 жылы 22 мамырда Моңғолияда, Баян-Улэгей қаласында дүниеге келген. 2006 жылы — С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Бастапқы әскери және дене шынықтыру даярлығы» мамандығы бойынша, 2009 жылы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистрі, 2011 жылы – Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Үйленген. Төрт баланы тәрбиелеп отыр.
Мансап
2006 – 2008 жылдары — алғашқы әскери дайындық мұғалімі, «№ 45 орта бейінді мектеп» КММ, ШҚО, Өскемен қ.;
2008 — 2011 жылдары — С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы, ШҚО, Өскемен қаласы;
2013 жыл – «Өскемен қаласы әкімдігінің Істер Басқармасы» № 9 филиалы КМҚК маманы, ШҚО, Өскемен қаласы;
2013 – 2015 жылдары – «Өскемен қаласы әкімдігінің Істер басқармасы» № 11 филиалы КМҚК директорының орынбасары, ШҚО, Өскемен қаласы;
2015 – 2016 жылдары – «Өскемен қаласы әкімдігінің Істер басқармасы» № 6 филиалы КМҚК директоры, ШҚО, Өскемен қаласы;
2016 – 2017 жылдары – «Өскемен қаласы әкімдігінің Істер басқармасы» № 1 филиалы КМҚК директоры, ШҚО, Өскемен қаласы;
2017 – 2020 жылдары – «Өскемен қаласы әкімдігінің бұқаралық спортты дамыту орталығы» КММ № 1 филиалының директоры, ШҚО, Өскемен қаласы;
2020 – 2022 жылдары — Өскемен қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры; ШҚО, Өскемен қаласы;
2022 – 2023 жылдары — Өскемен қаласы әкімдігінің «Аумақтық басқару орталығы» КММ басшысы; ШҚО, Өскемен қаласы;
2023 – 2024 жылдары – «Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС директоры, ШҚО, Өскемен қаласы;
2024 жылғы 4 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы.