Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33796 болып тіркелген) бекітілген жжәне «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 42,бабының 4-тармағына сәйкес тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына, ММ «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» 30.07.2024 ж. басқару нысаны таңдалмаған көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны анықтау және тағайындау бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу шарты:
1. Уақытша басқарушы компания уақытша басқарушы компания тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйді басқару үшін ұсынылған басқарушы компанияға қойылатын жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек:
1) құқық қабілеттілігіне ие болу;
2) қаржылық орнықты болуы және тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы;
3) банкроттық немесе тарату процедурасында болмау.
2. Көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметтерін көрсетуге ниет білдірген әлеуетті басқарушы компаниялар тұрғын үй инспекциясына конкурс жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай ақпарат пен құжаттарды ұсынады:
1) көппәтерлі тұрғын үйді басқаруға қатысуға туралы өтінім (1 – қосымшаға сәйкес);
2) құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жарғы);
3) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және ақпараттық жүйелер арқылы алынған әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы (болуы) туралы мәліметтер. Анықтама құжаттар ұсынылған күннің алдындағы бір айдан ерте берілмеуі тиіс;
4) өз құрамында оқытудан өткен және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттелген ұйым немесе мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды жүзеге асыратын орталықтарда берген кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға арналған біліктілікті растайтын құжаты бар мамандардың болуы;
5) баға ұсынысы.
3. 2-тармақта көзделген құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде нөмірленген және тігілген түрде, не жергілікті атқарушы органның тұрғын үй инспекциясының электрондық поштасына ұсынылады.
4. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін өтінім берілген кезінде басқарушы компанияның өтінімі автоматты түрде қабылданбайды.
Өтінімдерді 9.08.2024 ж. дейін вастсап мессенджердің 8 777 764 11 10 нөміріне немесе otdel_jilich.inspek@mail.ru поштаға жіберуге болады.