«Өскемен қаласы Тұрғын үй қатынастары бөлімінің мемлекеттік мекемесінің» ақпараттық порталы

«Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

1. Жалпы ережелер 

1. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы аумағында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың жекеленген санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапынан сөз сөйлеуге құқығы бар, егерде ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса.

6. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 

7. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай қала әкімдігімен бекітіледі.

8. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Александр Протозанов атындағы көшесі, 37а, пошталық индексі 070019.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 

11. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 

12. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 

2.«Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»              мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгіміндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала аумағында тұрғын үй қорын пайдалану бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру,  мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе Өскемен қаласындағы жеке тұрғын үй қорынан атқарушы органдар жалға алған тұрғын жайдан үй бөлу бойынша шаралар қабылдау.

14.«Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекемесінің міндеттері:             1)аумағында тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

           2)коммуналдық тұрғын үй қорын сақтау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.

  3) заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.

15. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) Өскемен қаласы аумағында кондоминиум субъектілерінің қызметіне лауазымды тұлғалардың тексеру жүргізуі; 

2) төмендегілерге мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру:

кондоминиум объектілері мен кондоминиум объектілеріне жапсарлас аумақта үй (пәтерлер) иелерінің ортақ мүлкін жөндеу және пайдалану, ұстау тәртібін сақтау;

тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттар)  ыстық-, энергия-, газ-, және суресурстары ортақ есеп жүргізу аспаптарын бар болуы;

кондоминиум объектісінде жай иелерінің ортақ мүлігінің техникалық жағдайында және оның инженерлік құралдарына, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күту және жөндеу бойынша жұмыстардың Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша қолданыстағы нормативтік-техникалық, жобалау құжаттарына сай  уақытында орындалуына;

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау:

анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылдаған шешімдер мен

ұйғарымдардың орындалуына;

кондоминиум объектісінің ортақ мүлігіне күрделі жөндеудің жеке түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына;

3) тұрғын үй заңдылықтарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттамалар жасау;

4) тұрғын ғимараттарын күтіп ұстау мәселелері бойынша меншік пәтер иелері кооперативтеріне және үй-жай иелеріне құқықтық және ұйымдастырушылық көмек көрсету;

5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру ұйымдастыру;

6)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу тізбесін, кезеңін және кезектілігін анықтау;

7) тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органымен ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге шығындар сметасын келісімдеу;

8)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау комиссияларына қатысу;

9)мекеменің құзіреті шегінде қала әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

10) кондоминиум объктісінің аумағына кіретін тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттардың) сапасын бақылауды қамтамасыз ететін нормативті және әдістемелік құжаттарды және коммуналдық қызметтерді көрсетуді дайындау, және де бақылаудағы объектілер иелеріне, мекемелерге және тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және үй маңындағы аумақты эксплатация жасайтын азаматтарға қосымша көмек көрсету;

11)Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кондоминиум нысандарын басқару органы қызметін атқаратын қызмет көрсету ұйымын анықтау;

12) кондоминиум нысанының тұрғын үй (пәтер) иелерінің өтініші негізінде кондоминиум нысанын басқару  бойынша есепке тексеру жүргізу;

13) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес азаматтардың жекеленген санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру және мемлекеттік тұрғын үйден немесе жергілікті атқарушы органдар жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайға жалдау шарттарын, жекешелендіру шартын, ордерлер дубликатын, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжай тұрғындарының және олардың жанұяларының үйді пайдалану құқығын сот арқылы жою  шараларын қабылдау;

14) Қазақстан Республикасы азаматтарына Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан жеке меншікке үй беру жұмыстарын ұйымдастыру;   

15) тұрғын  үй қорына түгендеу жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

16) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған, Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізімдеріне жыл сайын түгендеу жүргізу;

17) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлуді қамтамасыз ету;

  18) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкесжылжымайтын тұрғын үй мүліктерін иесіз, қараусыз қалған деп тану және қаланың коммуналдық мешігіне тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

19) тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

20) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;

21) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында қарасырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.

 16. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары және міндеттері:

          1) тексеруді Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүргізу;

2) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;

3) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға құқығы бар;

4) тексеру кезінде тексеру жүргізілетін нысанның белгіленген жұмыс тәртібіне кедергі келтірмеу;

5) тексеру жүргізу кезінде алынған құжаттардың және мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;

6) Қазақстан Республикасы заңыменен белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мекемеге міндеттелген функцияларды атқару үшін мемлекеттік және де басқа ұйымдардан  өзінің құзіреті шегінде заңмен белгіленген мерзімде хабарламалар мен құжаттарды сұрату;

7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйді жекешелендіруге өтініш беруші тұлғаларға экологиялық куәліктердің берілуі және берілген куәліктің жарамдылығы туралы уәкілетті органға сұраныстар жіберу;

8) заңыменен белгіленген тәртіпте кооператив басқармасы төрағысы лауазымына біліктілік талаптарына сай келетін үміткерді ұсыну;  

9) тұрғын үйді басқарушыны (менеджерді) не кондоминиум объектісін басқару үшін заңды тұлғаны таңдау немесе жалдау туралы мәселені шеше отырып, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысын өткізуге бастамашылық жасауға құқылы;

10)акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетімен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде қатысу үлестерімен, мемлекеттік заңды тұлғалар құқықтарының субектісін иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыру, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыретіне ұқсас шешімдер қабылдау;

11) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ержесін бұзу бойынша акт жасау;

12) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінбұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдарды шығару;

13) «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйғарымдарын орындамаған жағдайда тексеру субъектісіне ұйғарымды орындату жөнінде сотқа шағымдану;

14) өз құзыреті шегінде барлық ұйымдарда мемлекеттің және мекеменің құқығын қорғайды;

15) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулермен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.

3.«Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 

19. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;

2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпте кеңестерді шақырады;

3)  мекеменің атынан сенім хатсыз әрекет етеді;

4) барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін қорғайды;

5) мекеме қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін анықтайды;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;

7) Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес орындайды.

21. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының міндеттерін және құзыретін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес белгілейді.

4.«Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекемесінің мүлкі

22. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 

23. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 

5.«Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Өскемен қаласы әкімі 

аппаратының басшысы                                                                    Е. Шұрманов

БАСШЫ

Амантай Бахыт

Қойылған сұрақтар:

218

барлығы

0

бір ай бойы

0

бір апта бойы

ҚЫЗЫҚТЫ СІЛТЕМЕЛЕР: