«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

БАКЫТТЫ ОТБАСЫ

11-03-2020 19:43
2020 жылдың 12 наурызынан бастап «Бақытты отбасы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін жолдама беріле бастайды.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы табысы төмен отбасыларға ұзақ мерзімге төмен пайыздық мөлшерлемемен баспана алуға мүмкіндік береді. Осы бағдарламаға Өскемен қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған көп балалы отбасы, толық емес отбасы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар санаттары қатыса алады: Көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы; толық емес отбасы - балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ана тәрбиелейтін отбасы; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары. Жоғарыда аталған кезектілікте тұрғандардың несие сомасынан 10% бастапқы төлемді ескере отырып, тұрғын үй сатып алуға жылдық 2% несие алуға мүмкіндігі бар. Бастапқы тұрғын үй үшін бастапқы жарнаның бір бөлігін әкімдік берген тұрғын үй сертификатымен жабуға болады. Бағдарламаға қатысушылардың жаңа ғимараттан (бастапқы нарықта), екінші нарықта тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бар, техникалық шарттарға сәйкес жеке сектордан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бар. Соңғы алты айдағы отбасының әрбір мүшесінің кірісі айына ең төменгі жалақыдан (айлық жалақы) аспауы керек. 2020 жылы ең төменгі жалақы 62 366 теңгені құрайды. Мысалы, егер отбасында 1 адам болса, онда бағдарламаға қатысудың ең жоғары мөлшердегі кірісі 2020 жылы 62 366 теңгені құрайды, отбасында 2 адам болса - 124 732 тенге, отбасында 3 адам болса -187 098 тенге, отбасында 4 адам болса -249 464 тенге, отбасында 5 адам болса -311 830 тенге, отбасында 6 адам болса -374 196 тенге, отбасында 7 адам болса -436 562 тенге. Биылғы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен бөлінген қаражат көлемі екі есеге артты. Ол 100 млрд теңгені құрайды. Бұл дегеніміз, 2020 жылы 10 мыңға жуық отбасы қол жетімді несие ала алады. Осы бағдарламаға қатысу және өтінімді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) арқылы толтыру үшін қатысушылар отбасылық жағдайды растайтын жолдаманы алуға Өскемен қаласы, Протозанова көшесі, 37а мекен-жайы бойынша «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келулері керек. Жолдаманы беру дүйсенбіден жұмаға дейін күн сайын 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін) жүзеге асырылады. Банкке жолдама алу үшін қажетті құжаттар тізімі: 1. Көпбалалы отбасыларға: - отбасы мүшелерінің барлығына Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама; - барлық балалар үшін туу туралы куәлік. 2. Толық емес отбасыларға: - отбасы мүшелерінің барлығына Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама; - некеге тұрмағандығы туралы куәлік, №4 нысан немесе ажырасу туралы куәлік, неке қию немесе жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік. 3. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға: - отбасы мүшелерінің барлығына Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама; - баланың мүгедектігі туралы анықтама; - баланың туу туралы куәлігі. Құрметті қатысушылар! «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Бақытты отбасы» бағдарламасының барлық қатысушыларына шын жүректен сәттілік тілейді, жаңа тұрғын үй сіздерге тек қуаныш, жайлылық және көптеген жағымды оқиғалар, позитивті аура, балалардың қуаныштары мен күлкілерін әкелсін.

Информация

Посетители, находящиеся в группе Қонақтар, не могут оставлять комментарии к данной публикации.