«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

ГУ «Отдел жилищных города Усть-Каменогорска» объявляет о начале приема документов для участия в Программе жилищного строительства «Нұрлы жер» по направлению арендное жилье с последующим выкупом «Арендное жилье с выкупом Samruk-Kazyna Construction».

1-06-2020 11:11
ҚҰРМЕТТІ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУГЕ МҰҚТАЖДАР ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Тұрғын үй коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы қаулысын орындау мақсатында, «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ жалдамалы тұрғын үйді сатып алумен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бағыты бойынша I топқа жататын азаматтардан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж адамдар арасында: ЖАО кезекте тұрғандардан, «Тұрғын үй туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын атап айтқанда: - жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; - жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; - оралмандар; - толық емес отбасылар; -мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 68-бабының 2), 4) және 10) тармақтарын қоспағанда, атап айтқанда: - 1 және 2 топтағы мүгедектер; - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар; - мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адам-дардың отбасылары; Осы бағыттың қатысушыларын қалыптастыру тұрғын үйге мұқтаждар есебіндегі тізімдерге және осы есепке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі. Өтініштер мен құжаттар электронды үкімет веб-порталы арқылы 08.06.2020 – 12.06.2020 жылы аралығында қабылданады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ әкімдікке коммерциялық үй-жайлары бар Өскемен қаласы, Ілияс Есенберлин көшесі 113/1-113/8 позицияларында орналасқан көп пәтерлі үйді жалға беру негізінде сатылатын пәтерлерді келесі түрлерін сатып ала отырып береді: № 1 тип бір бөлмелі пәтер, ауданы 45,20 шаршы метр, пәтер саны 195, ай сайынғы жалға алу төлемінің мөлшері 97 013,63 теңгеден басталады; № 2 тип екі бөлмелі пәтер, ауданы 66,45 шаршы метр, пәтер саны 220, ай сайынғы жалға алу төлемінің мөлшері 142 021,94 теңгеден басталады; № 3 тип үш бөлмелі пәтер, ауданы 84 шаршы метр, пәтер саны 70, ай сайынғы жалға алу төлемінің мөлшері 180 290,81 теңгеден басталады. Пәтердің жоспарларымен пайдалануға беру туралы мәліметті «Samruk-Kazyna Construction» АҚ сайтында – www.fnsk.kz. толық таныса аласыз (2020 жылдың маусымның аяғына дейін). Әкімдікке хабарласқанға дейін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ сайтында – www.fnsk.kz. жарияланған жалға алу төлемдерінің ең жоғарғы сомасының есебі бойынша автоматтандырылған бағдарлама арқылы өз төлем қабілеттілігін өз бетінше тексеру ұсынылады. Бағдарламаға қатысушының негізгі талаптарға сәйкестігін растау үшін қажетті құжаттар тізімі: 1) пәтердің нақты типіне арналған өтініш; 2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәлан-дыратын құжат; 3) неке қию/бұзу, жұбайының қайтыс болуы туралы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариалды куәлан-дырылған өтініш; 4) басқа адамдарды өтініш берушінің мүшелері деп тану туралы сот шешімі; 5) өтініш берушінің «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республи-касы Заңының 67-бабында анықталған санатқа қатысын растайтын құжаттар (халықтың осал тобына жататыны туралы анықтама; мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін жұмыс орынынан анықтама); 6) жалақысы туралы анықтама; 7) отбасы мүшесінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің болуын растайтын анықтама. Назар аударыңыздар! Кезекте тұрған азаматтардан 12.06.2020 жылдан кейін ұсынылған өтініштер мен құжаттар қабылданбайды

Информация

Посетители, находящиеся в группе Қонақтар, не могут оставлять комментарии к данной публикации.