«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

29-08-2023 12:29
Өскемен қаласында көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Өскемен қаласында көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» 10-3 бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.Өскемен қаласындағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлердің күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуге ұсынылған қағидалары бекітілсін. 2.Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

Информация

Посетители, находящиеся в группе Қонақтар, не могут оставлять комментарии к данной публикации.