«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРІЛУГЕ МҰҚТАЖДАР ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

14-07-2018 08:40
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысын орындауүшін «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша өтініштер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын кезектілік тәртібімен, тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған келесі санаттардағы, кезектегілерге сатылады: - көп балалы отбасыларға; - толық емес отбасыларға; - мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеуші отбасыларға; - жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; - оралмандарға; - 1 және 2 топтағы мүгедектерге; - мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне; - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне; Онда, тұрғын үйдің 50%-ы жоғарыда көрсетілген санаттардағы, 3 жылдан кем емес некеде тұрған, балалары (баласы) бар және ерлі-зайыптының екеуінің жасы да 35 жасқа толмаған (бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) адамдарға, сондай-ақ 35 жасқа жетпеген, соның ішінде ажырасқан, жесір, ата-анасының біреуі балаларды (баланы) тәрбиелеп отырған толық емес отбасыларға беріледі. 63 позиция бойынша тұрғын үйдің 198 пәтеріне өтініштер мен құжаттарды қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 30.07.2018 жылдан бастап 01.08.2018 жылды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады: 1 бөлмелі пәтер саны – 36, алаңы 38,2 – 43,47 шаршы метрге дейін. 2 бөлмелі пәтер саны – 117, алаңы 58,65 – 67,49 шаршы метрге дейін. 3 бөлмелі пәтер саны – 45, алаңы 82,54 шаршы метрге дейін. 20 жыл жалға алу мерзімі кезінде бір шаршы метр жылжымайтын мүліктің құны шамамен алғанда 822 тенгені құрайды. Сатып алумен жалға алу тұрғын үйін алуға үміткерлерге келесі құжаттарды тапсыру қажет: 1) пәтердің нақты типіне арналған өтініш; 2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәлан-дыратын құжат, неке қию/бұзу, жұбайының қайтыс болуы туралы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариалды куәландырылған өтініш; 3) жылжымайтын мүлікке арналған тіркелген құқықтары және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (саман және каркасты-қамыс типті тұрғын үйлерде, жатақханалардағы бөлмелерде үлесі болғанда), сондай-ақ осы жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттардың көшірмелері. 4) басқа адамдарды өтініш берушінің мүшелері деп тану туралы сот шешімі; 5) өтініш берушінің «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республи-касы Заңының 67-бабында анықталған санатқа қатысын растайтын құжаттар (халықтың осал тобына жататынын туралы анықтама; мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін жұмыс орынынан анықтама); 6) жалақысы туралы анықтама; 7) отбасы мүшесінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің болуын растайтын анықтама. Назар аударыңыздар! Іріктеуден өткен өтініш берушілердің жеке кабинеттеріне төлемге қабілеттіліктерін растау үшін жолдама жіберіледі.
  1. Гульнура Токтасынова

    5-09-2018 13:11 Тұрғым
    Здравствуйте! Когда будут известны результаты конкурса на орендное жильё с последуйщим выкупом от КИК? Который проходил с 30 августа по 1 сентября 2018 г. Где можно посмотреть списки, прошла я или нет?
  2. Здравствуйте, я Баяндинова Екатерина Александровна состаю на очереди как не полная семья,разведена и работаю на минимальной зарплате, смогу ли я участвовать в программе и куда можно ещё принести заявление

    И некоторые документы мне не понятны ,если я не имею не какую недвижимость , мне нести документ что я не имею недвижимого имущества?и 4ый пункт мне не понятен решение какого суда,

Информация

Посетители, находящиеся в группе Қонақтар, не могут оставлять комментарии к данной публикации.