«Өскемен қ. Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
ақпараттық порталы

Сотрудники отдела жилищных отношений

.«Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшының орынбасары.


Функциялық міндеттері
Бөлімнің және оның бөлімшесінің негізгі міндеттерін білу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекеленген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу. Анықталған құқық бұзушылықтар жою бойынша қабылданған шешімдер мен ұйғарымдардың орындалуын бақылау. Тұрғын ғимараттарын күтіп ұстау мәселелері бойынша меншік пәтер иелері кооперативтеріне және үй-жай иелеріне құқықтық және ұйымдастырушылық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» заңы талаптарын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау. Бөлімнің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу. Бөлім әзірлеуші болып табылатын қала әкімінің және әкімдігінің номативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулермен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау. Бөлімнің жұмысына қатысты бағыттар бойынша сот мәжілістеріне қатысу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзылуы туралы актілер жасау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығару. Тексеруді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі талаптарына сай жүргізу. Құжаттар мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Тұрғын үй инспекциясы секторы, қаржылық-құқықтық секторы мен тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының секторлары бойынша орындалған жұмыстардың көлемдерін қабылдау және қол қою және олардың нақтылығына дербес жауап беру «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ іс қағаздарының мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізілуін жүзеге асыру бойынша бақылау жүргізу. БАҚ ақпараттың уақытылы ұсынылуына бақылауды жүзеге асыру. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді. «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесіне жауапты қызметкерлердің жұмыстарына бақылауды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасының мониторингі бойынша мониторинг жүргізу, бағалау және есепті ұсыну. Іс жүзінде орындалғандарын есепке ала отырып, көрсеткіштерді түзету бойынша ұсыныстар енгізу. Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша мәліметтердің жоғары тұрған органдармен келісілуінің қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік тұрғын үйді есепке алу, тұрғын үйді бөлу мәселелері бойынша шұғыл кеңестерге қатысу, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарттарына және тұрғын үйді жекешелендіру шарттарына қол қою.Тұрғын үй, инженерлік коммуникациялар және тұрғын үйді күтіп ұстау мәселелері бойынша азаматтарды және бюджеттік ұйымдардың өкілдерін қабылдау,тұрғын үйді, инженерлік желілерді тексеру бойынша көшпелі комиссияларға қатысу. Облыс және қала әкімдіктерінің қаулылары мен өкімдерінің, шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Шарттарға сәйкес шарттық міндеттемелердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін секторлар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде заңнама талаптарын сақтауды қадағалау. «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» және «Ашық ақпараттар» порталында хабарламалар беріуді, өзектендіруді қамтамасыз ету. Қалалық коррупцияға қарсы күрес бағдарламасының орындалу бойынша іс-шаралар жоспарының атқарылуы туралы ақпарат дайындау. Бөлімде коррупцияға қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдау жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың арыздарының, қызметтік хаттардың, облыс, қала әкімдерінің және бөлім басшысының хаттамалық тапсырмаларының қарау мерзімдерін бұзғаны үшін және жауаптардың негіздігіне, дәлелдігіне, мазмұнының толықтығына сондай-ақ олардың мемлекеттік тілге аударылуына дербес жауапта болады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.